Полиция жол жиектерін тарылту арқылы апатты азайтқысы келеді

0 11
Қазақстанда жол-көлік оқиғасы жиі болатын трассалардың қауіпті учаскелерінде жолды тарылту әдісі енгізіліп жатыр.

Бұл – жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған жаңа тәсіл. Мұндай әдіс АҚШ пен басқа да дамыған елдерде өзінің тиімділігін көрсеткен. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді

Полиция жүргізген талдау нәтижесінде кейбір жол бөліктерінде апаттар жиі орын алатыны анықталған. Сол қауіпті учаскелерге жаңа тәсіл алғаш болып енгізіледі.

«Жол тарылған кезде жүргізуші жылдамдықты еріксіз азайтып, абай бола түседі. Бұл – қауіп көп жерде жүруді анағұрлым қауіпсіз етеді», – делінген министрлік хабарламасында.

Министрлік өкілдері бұл шара тек тексеру үшін емес екенін нақты айтты. Яғни, жүргізушілерді тоқтатып, құжат қарап немесе айыппұл салу көзделмеген. Негізгі мақсат – жолдың құрылымын өзгерту арқылы жүргізушіні жылдамдықты төмендетуге мәжбүрлеу.

Алайда, егер полицейлер көлік жүргізушісінің өзін сенімсіз ұстап тұрғанын немесе қатты шаршағанын байқаса, көлікті тоқтатып, жағдайын сұрауы мүмкін. Бұл – апаттың алдын алу үшін жасалады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.