Алматы облысында мемлекеттік мекемелердің жұмыс уақыты өзгерді

0 48

Алматы облысында бірқатар мемлекеттік органдар жаңа жұмыс кестесіне көшті. Енді аудандық және облыстық басқармалардағы мекемелердің жұмыс күні таңғы сағат 8:00-де басталып, 17:30-да аяқталады. Түскі үзіліс — 12:30-дан 14:00-ге дейін.

Жаңа кесте келесі мемлекеттік органдарға қатысты:

▪️ Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Кеген, Райымбек, Талғар, Ұйғыр аудандарының, сондай-ақ Қонаев және Алатау қалаларының әкімдіктері;
▪️ Ауыл шаруашылығы, ветеринария, денсаулық сақтау, білім, экономика, туризм, спорт, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, энергетика, цифрлық технологиялар және өзге де салаларға жауапты 27 басқарма.

Мұндай өзгеріс мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырып, тұрғындарға ыңғайлы болу мақсатында енгізіліп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.