Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды
Қазақстанның бұрынғы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жаңа лауазымға ие болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
— Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, — делінген ресми мәлімдемеде.
Жақсылықов бұған дейін еліміздің Қорғаныс министрі қызметін атқарған. Оның әскери саладағы көп жылдық тәжірибесі жаңа лауазымда да маңызды рөл атқаратыны күтіледі.