1 шілдеден бастап Көкшетауда электр энергиясы қымбаттайды

0 51

2025 жылғы 1 шілдеден бастап Көкшетау қаласында электр энергиясының жаңа тарифтері енгізіледі. Бұл туралы «Көкшетау Энерго» ЖШС ресми түрде хабарлады.

Жаңа тарифтер ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментімен келісілген. Компания бағаның өсуін энергия таратушы ұйымдар тарапынан қызмет құнының өсуімен түсіндірді.

Жаңа тарифтер жеке тұлғалар үшін (тұрмыстық тұтынушылар):

  • 1-деңгей (айына 1 адамға 100 кВт/сағ дейін): 26,79 теңге (бұрын – 25,47 тг)

  • 2-деңгей (100–190 кВт/сағ): 35,87 теңге (бұрын – 34,19 тг)

  • 3-деңгей (190 кВт/сағ-тан жоғары): 44,83 теңге (бұрын – 42,74 тг)

Басқа тұтынушылар үшін тарифтер:

  • Заңды тұлғалар мен бюджеттік ұйымдар: 52,91 теңге/кВт•сағ

  • Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындар (жылыжайлар, диірмендер, наубайханалар, мал және құс шаруашылығы): 44,58 теңге/кВт•сағ

Энергетикалық компанияның мәлімдеуінше, жаңа тарифтер нарықтағы нақты шығындарды және таратушы желілердің техникалық шығынын жабуға бағытталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.