Қазақстанда алғаш рет апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы өзгерген жоқ

0 48

Биыл алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының апта ішіндегі бағасы өзгеріссіз қалғаны тіркелді. Бұл туралы Сауда комитеті хабарлады.

Сарапшылардың мәліметінше, баға өсуінің қарқыны бәсеңдеп, кейбір өнімдер бойынша төмендеу байқалған. Мәселен:

  • Жұмыртқа – 1,2%-ға,

  • Пияз – 0,8%-ға,

  • Сәбіз – 0,6%-ға,

  • Рожки мен күріш – 0,1%-ға арзандады.

Жыл басынан бері ұн бағасы 1,7%-ға төмендеген.

Өңірлер бойынша баға индексі:

  • Түркістан облысы – 0,2%-ға төмендеген;

  • Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары – 0,1%-ға төмендеген;

  • Алматы, Астана, ШҚО, Жамбыл, Алматы, Қостанай және Абай облыстары – өзгеріссіз.

Баға бақылауы және заң бұзушылықтар:

  • Сауда комитеті 15%-дық шекті сауда үстемесін асыруға қатысты 1 872 әкімшілік іс қозғаған;

  • 6 100-ден астам тауар жеткізу тізбегі талданған;

  • Соның ішінде 655 жағдайдан бәсекелестік заңнамасын бұзу қаупі анықталған.

Бақылау шаралары:

  • 3 мыңға жуық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, өнімдер делдалсыз сатылған;

  • Нарықты үздіксіз қамтамасыз ету және бағаны тұрақтандыру мақсатында бизнес өкілдерімен тұрақты диалог жүргізіліп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.