2025–2026 оқу жылының кестесі бекітілді: каникулдар мен оқу мерзімдері
Оқу-ағарту министрлігі 2025–2026 оқу жылының нақты басталу және аяқталу күндерін, сондай-ақ оқушылардың демалыс мерзімдерін жария етті. Жаңа оқу жылы 2025 жылғы 2 қыркүйекте басталып, 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады.
? Оқу тоқсандары мен каникулдар:
-
? 1-тоқсан: 2 қыркүйек – 24 қазан (8 апта)
? Күзгі каникул: 27 қазан – 2 қараша (7 күн) -
? 2-тоқсан: 3 қараша – 26 желтоқсан (8 апта)
? Қысқы каникул: 29 желтоқсан – 7 қаңтар (10 күн)
? Қосымша демалыс (1-сыныптар): 9 ақпан – 15 ақпан -
? 3-тоқсан: 8 қаңтар – 18 наурыз (10 апта)
? Көктемгі каникул: 19 наурыз – 29 наурыз (11 күн) -
? 4-тоқсан: 30 наурыз – 25 мамыр (8 апта)
? Білім күніне арналған салтанатты жиынды өткізу уақыты мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен анықталады.