Владимир Зеленский АҚШ-қа келді, Трамппен кездеседі
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-қа сапармен келді. Бұл туралы ол өзінің Telegram арнасында хабарлады.
«Вашингтонға келіп жеттім. Ертең АҚШ президентімен кездесу. Сондай-ақ еуропалық лидерлермен де сөйлесеміз. АҚШ президентіне шақырғаны үшін ризамын», – деп жазды Зеленский.
Оның айтуынша, Украина ұзақ мерзімді бейбітшілікке қол жеткізуге ұмтылуда.
«Мен Американың және біздің еуропалық достарымыздың ортақ күші Ресейді шынайы бейбітшілікке мәжбүрлейді деп үміттенемін», – деді ол.
Зеленскийдің АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуі бүгін өтуі тиіс.