Цинциннати турнирі: Елена Рыбакина жартылай финалда Швентекке жол берді
Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннатиде (АҚШ) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің финалына шыға алмады.
Жартылай финалда ол әлемнің 3-ракеткасы, Польшаның өкілі Ига Швентекке қарсы ойнады. Бұған дейін қос теннисші тоғыз рет кездесіп, олардың бесеуінде Швентек жеңіске жеткен еді.
Бұл жолы да поляк спортшысы басым болды:
-
Бірінші сетте Рыбакина 5:4 есебімен алға шыққанымен, сетке доп берген мүмкіндігін пайдалана алмады – 5:7.
-
Екінші партияда Швентек басымдықты бірден қолға алып, матчты сенімді аяқтады – 6:3.
Осылайша, Рыбакина турнирді жартылай финалдық кезеңде аяқтады.