Қазақстан 2028 жылға дейін негізгі азық-түлік өнімдері бойынша толық өзін-өзі қамтамасыз етуді жоспарлап отыр
18 тамызда Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері талқыланды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне сәйкес, 2021–2024 жылдары ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 11,3%-ға өсіп, 8,3 трлн теңгеге жеткен. 2025 жылдың алғашқы жартысында өсім тағы 3,7%-ды құрап отыр.
Өсімдік шаруашылығында:
-
егіс көлемі – 23,6 млн га (+322,8 мың га);
-
майлы дақылдар – 4 млн га (+1,05 млн га);
-
картоп – 131,2 мың га (+9,3 мың га).
Мал шаруашылығында:
-
ІҚМ – 8,8 млн бас (+8,3%);
-
қой-ешкі – 21,5 млн бас (+0,8%);
-
жылқы – 4,6 млн бас (+4,7%);
-
құс – 47,7 млн бас (+2,7%).
Өндіріс көлемі:
-
ет – 529,9 мың тонна (+1,5%);
-
құс еті – 187,7 мың тонна (+4,9%);
-
сүт – 1,8 млн тонна (+7%);
-
жұмыртқа – 2,2 млрд дана (+0,9%).
Қазіргі таңда Қазақстан өзін негізгі азық-түлік өнімдерімен (ет, сүт, жұмыртқа, ұн, көкөніс) 80–100% қамтамасыз етіп отыр. Дегенмен құс еті, шұжық, ірімшік, қант және балық бойынша импортқа тәуелділік сақталуда.
Импортты азайту шаралары:
-
2022–2024 жылдары қуаты 144 мың тонна болатын 17 құс фабрикасы іске қосылды, 2028 жылға дейін тағы 41 фабрика ашылады;
-
сүт фермалары саны 2019 жылғы 19-дан қазіргі 69-ға жетті, тағы 47-сі салынуда.
Баға тұрақтылығы:
Сауда және интеграция министрлігінің дерегінше, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсу қарқыны бәсеңдеді: сәуірде – 1,6%, шілдеде – 0,4%, тамыздың алғашқы екі аптасында – небәрі 0,1%. Қазақстан ЕАЭО елдері ішінде күнбағыс майы, қарақұмық, күріш, ұн, көкөніс сияқты 15 өнім бойынша ең төмен бағамен ерекшеленеді.
Сонымен қатар министрлік заңнамаға өзгерістер әзірлеуде: жеткізілімдер үшін төлемді кейінге қалдыру мерзімін 30 күнмен шектеу, отандық өнімдердің сөрелерге еркін қолжетімділігін қоғамдық бақылау арқылы қамтамасыз ету жоспарлануда.
Отырыс қорытындысында Үкімет қазақстандық өнімдерді қолжетімді бағамен қамтамасыз ету жұмыстарын жеделдету жөнінде тапсырмалар берді.