Numbeo: Алматы – Орталық Азиядағы өмір сүру құны бойынша көшбасшы
Numbeo порталы 2025 жылғы маусым айындағы өмір сүру құнына арналған жаңа рейтингін жариялады. Зерттеу нәтижесінде Швейцария қалалары әлемдегі ең қымбат орындарға шықса, Орталық Азияда Алматы алдыңғы қатарға шықты.
Numbeo – бұл бүкіл әлем тұрғындары азық-түлік, қызмет түрлері мен тұрғын үй бағаларын бөлісетін ең ірі дерекқор. Бағалау Нью-Йоркпен салыстырмалы түрде жүргізіледі, оған 100 ұпай эталон ретінде берілген.
2025 жылғы маусымдағы жаһандық рейтингте алғашқы алты орынды бірден Швейцария қалалары иеленді:
-
Цюрих – 112,5
-
Женева – 111,4
-
Базель – 110,7
-
Лозанна – 110,5
-
Лугано – 108,4
-
Берн – 103,4
Қазақстан қалалары тізімнің төменгі жағында: Алматы – 346-орында (29,4), Астана – 366-орында (26,5). Бұл көрсеткіштер Мәскеу (45,2) мен Ереваннан (41,5) әлдеқайда төмен. Сондай-ақ Алматы мен Астана Бішкек (26,8), Ташкент (26,2) және Минскпен (26,4) шамалас деңгейде.
Тұрғын үй бағасы қосылған рейтинг
Есепке пәтерді жалға алу бағасы қосылғанда, көрсеткіштер өзгереді: Нью-Йорк әлі де ең қымбат қала болып қала береді (100 ұпай), мұнда бір бөлмелі пәтердің орташа бағасы айына 4,2 мың долларды құрайды. Швейцария қалаларында бұл көрсеткіш Нью-Йорктан сәл арзан – Цюрих пен Женевада тиісінше 6,8% және 9,4% төмен.
Орталық Азия мен ЕАЭО аясында жалға алу бағасын ескергенде ең қымбат қалалар қатарында Мәскеу (39,2) мен Ереван (31) көш бастап тұр. Алматы (22,9) оларды қуып келеді, ал Астана (19,7) – Минскіден (19,5) сәл ғана қымбат. Бұл ретте Ташкент (21,1) пен Бішкек (20,2) Алматы мен Астананың ортасында орналасқан.