Инвестиция мен құрылыс қарқыны төмен аудандарға — әкімнен қатаң ескерту
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңейтілген әкімдік мәжілісінде өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланды.
Облыс экономикасының жалпы өсімі 10,2 пайызды құрағанымен, бірқатар аудандарда көрсеткіштер төмен.
Қордайда – инвестиция,
Мойынқұм мен Шу аудандарында – құрылыс,
Жамбыл ауданында – тұрғын үй салу қарқыны бәсең.
Осыған байланысты облыс әкімі бірнеше аудан әкімдері мен орынбасарларына “қатаң сөгіс” пен “ескерту” жариялады.
Ербол Қарашөкеев:
“Экономикалық өсім халықтың тұрмыс сапасына әсер етпесе, ол тек қағаздағы нәтиже болып қалады”.
Ол жыл соңына дейін жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілмеген жағдайда, Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің жеке жауапкершілігі қаралатынын қатаң ескертті.