Air Astana әуе компаниясының жолаушылар ұшағы түтінге байланысты Алматы әуежайына шұғыл қонды.

0 41

2025 жылғы 17 желтоқсанда сағат 07:38-де (Астана уақыты бойынша) Алматы – Астана бағытында қатынаған KC-851 тұрақты рейсін орындау кезінде Air Astana әуе компаниясының Airbus A321N (EI-KDG) ұшағында авиациялық оқиға тіркелді.

«Қазаэронавигация» РМК Әуе қозғалысын жоспарлаудың бас орталығының мәліметінше, әуе кемесінің салонында түтін пайда болуына байланысты экипаж MAYDAY апаттық сигналын жариялаған.

Алдын ала ақпарат бойынша, жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ.

Ұшақ сағат 07:40-та Алматы әуежайына сәтті қонды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әуежайдың өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері жедел түрде жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің мамандары анықтап жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.