Sert-inform ақпараттық агенттігі жылды қорытындылайды

0 70
SERT-inform.kz ақпараттық агенттігі Жамбыл облысына қарасты 10 аудан мен Тараз қаласында жүргізген зерделеу жұмыстары нәтижесінде өңірлік басқару тиімділігіне кешенді талдау жасады. Бағалау әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, инвестициялық, инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы, халықпен кері байланыс және нақты нәтижелер негізінде жүргізілді.
Үздік үштікке кірген әкімдер:
Үздік үштікті Тараз қаласының әкімі — Орынбеков Бақытжан Әмірбекұлы бастап тұр.
Екінші орынға Шу ауданының әкімі — Жәнібеков Бақытжан Оразалыұлы табан тіреді.
Меркі ауданының әкімі — Жиенқұлов Ербол Жұмабекұлы үздік үштікті аяқтады.
Аталған әкімдердің қызметі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етіп, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған нақты нәтижелермен ерекшеленді. Бағалау — симпатияға емес, нақты көрсеткіштерге және қоғам өмірінде сезілетін өзгерістерге негізделген. Қордай ауданының әкімі Болатбек Бегзат Сейсенқұлұлы өндіріс пен экспортқа бағытталған прагматикалық басқару стилімен ерекшеленеді. Ауданда тұрақты өсім байқалады, бірақ экономикалық өсуді әртараптандыруды қажет етеді.
Сарысу ауданының әкімі Мамытов Сәкен Үмбетұлы бюджеттік тәртіпке және ірі жобаларға назар аударады. Аудандағы экономика әлі толық іске қосылмағанымен, болашақта 2-3 жыл ішінде серпінді өсу күтіледі.
Байзақ ауданының әкімі Баққараев Олжас Елебекұлы жоспарлы басқаруды ұстанған. Ауданның дамуы орташа деңгейде. Жаңа серпін мен өзгерістер қажет.
Талас ауданының әкімі Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы әлеуметтік инфрақұрылымға басымдық беруде. Экономикалық қарқындылық байқалмайды, бірақ әлеуметтік тұрақтылық сақталып отыр.
Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы жоспарлы басқаруды жүзеге асырғанымен, ауданның дамуында баяу қарқын байқалады. Экономика мен инфрақұрылымның жаңаруына жаңа серпін қажет.
Мойынқұм ауданы — Кәрентаев Ермек Амангелдіұлы
Мойынқұм ауданы биыл тізімнің соңында. Ауданда шешімін таппай, жылдар бойы қордаланған мәселелер бар. Экономикалық дамудың жетіспеушілігі мен инфрақұрылымдық проблемалар ауданды дамытудың басты кедергілері болып отыр. Сонымен қатар, аудан әкімінен халықтың көкейіндегі сұрақтарды қоюға мүмкіндік болмады. Себебі аудан әкімі ашық сұхбатқа келген жоқ. Халықтың көңілі аудан әкіміне көнжімейді. Себебі, шешілмеген мәселе көп, оны шешуге әкімде белсенділік байқалмайтын сияқты.
Leave A Reply

Your email address will not be published.