Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Чехиядағы әлем чемпионатында өнер көрсетті

0 16
Чехияның Прага қаласында мәнерлеп сырғанаудан 2026 жылғы әлем чемпионаты жалғасуда. 26 наурызда медаль үшін бәсекеге ерлер шықты. Бұл сайыста Қазақстан намысын Диас Жиренбаев қорғады

Қысқа бағдарламада қазақстандық спортшы 59,34 ұпай жинап, қорытындысында 35-орынға ие болды.

Ол еркін бағдарламаға өте алмады. Ол үшін қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша үздік 24 спортшының қатарына кіру қажет еді.

Осылайша, Жиренбаев әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады.

Қазіргі таңда аралық көшбасшы – америкалық Илья Малинин (111,29 ұпай).

Ал 27 наурызда мұз айдынына Софья Самоделкина шығады. Еркін бағдарлама алдында ол 12-орынға тұрақтаған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.