Қазақстандықтар Құрбан айтқа қанша күн демалады?

0 49
Құрбан айт ислам күнтізбесіндегі зұлхижжа айының оныншы күні аталып өтеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы таратқан мәліметке сүйенсек, 2026 жылы Құрбан айт мерекесі 27-29 мамыр аралығында өтеді,

Мерекенің бірінші күні — 27 мамыр — ресми түрде демалыс болып есептеледі. Биыл Құрбан айт сәрсенбі күніне сәйкес келіп тұрғандықтан, қазақстандықтар аптаның ортасында қосымша тынығу мүмкіндігіне ие болады.

Құрбан айт мұсылман қауымы үшін аса қадірлі діни мейрамдардың бірі саналады. Ол Ораза айт мерекесімен қатар исламдағы ең маңызды мерекелердің қатарына жатады. Айттың нақты күні исламдық ай күнтізбесіне байланысты жыл сайын өзгеріп отырады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.