Ақтөбеде автокөліктерді заңсыз тіркеген қылмыстық топ ұсталды
Қаржылық мониторинг агенттігі Ақтөбе облысында жүк көліктерін заңсыз есепке қойған қылмыстық топтың ісін әшкереледі.
Тергеу мәліметінше, топ мүшелері Ақтөбе, Атырау және БҚО аумағында 82 автокөлікті жалған құжаттар арқылы тіркеген.
👥 Қылмыстық схемаға 9 адам қатысқан:
— автоинспектор
— нотариус
— делдалдар мен ұйымдастырушылар
Клиенттер интернет пен мессенджерлер арқылы табылып, көлікті «салықсыз және төлемсіз» тіркеу қызметі ұсынылған.
🔍 Схема қалай жұмыс істеген?
Күдіктілер бұрын есептен шығарылған көліктердің деректерін пайдаланып, жалған сатып алу-сату келісімдерін рәсімдеген. Құжаттар арнайы ХҚКО арқылы өткізілген.
💰 Мемлекетке келген шығын:
705 млн теңге
⛔️ Сот шешімімен:
— 2,4 млрд теңгенің мүлкіне тыйым салынды
— 5 адам қамауға алынды
— 3 күдікті үйқамаққа жіберілді
Қылмыстық іс сотқа жолданды.