Бүгін жаңа Конституция күшіне енді. Соған орай Президент қазақстандықтарға үндеу жолдады

0 41

 

«Бүгін тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталады. Біз саяси-экономикалық реформалардың, ауқымды өзгерістердің және қарқынды дамудың даңғыл жолына түсеміз.

Осы ерекше күн еліміздің бүкіл саяси жүйесін, сондай-ақ мемлекеттің және азаматтық қоғамның негізгі институттарын түбегейлі жаңғырту кезеңі басталғанын аңғартады», — деді Тоқаев.

Президент бұдан былай Конституция күні «Наурызнама» онкүндігімен қатар аталып өтілетінін жеткізді.

«Мұның символдық мәні зор. Конституция күні ел ішінде ғасырлар бойы орныққан көктемгі жаңару дәстүрлерін Ата заңның басты қағидаттарымен тоғыстырады, яғни азаматтарымыздың ырысты ынтымаққа, озық білімге, ел игілігі жолында адал еңбек етуге деген талпынысымен үндеседі.

Қастерлі Отанымызды көркейту жолындағы жоспарларымызды ойдағыдай орындаймыз. Мен бұған кәміл сенемін!

Қазақстан Республикасы жасай берсін!

Халқымыз мәңгі жасасын!» — деді Президент.

Leave A Reply

Your email address will not be published.