Шерзаттың әкесі: Әділдік жоқ, Қазақстаннан көшеміз

0 109

“Бәрін көріп отырмын. Әділетті шешім күткем. Әдейі таратып отыр видеоны. Қандай жағдай болса да айтайын. Мен қан төксем, мені қаралауға болады. Мен қан төккен жоқпын. Менің баламды анасының көзінше өлтіріп отыр. Одан басқа не дәлел керек оларға? Отбасымды қалай қорғауым керек сонда?

Олар бірінші пышақпен келді ғой, мен сонда ручкамен шығуым керек пе? Жатып алып таяқ жеуім керек пе? Енді мен әділдік болады дегенге сенбеймін. Баламнан айырылып, үйімнен айырылып отырғанда, енді келіп осылай жасап жатыр. Амал тек отбасымды аман-есен алып шығып кетуім керек. Қазақстаннан көшеміз”, – деген Шерзаттың әкесі.
Ақпарат ulysmedia сайтынан алынды.

Айта кетейік, 4 қазанда Талғарда 16 жастағы жасөспірімді өлтірді. Шерзат Полат дүкенде әкесіне көмектесіп жүргенде сатып алушының біреуі сыра үшін ақша төлеуден бас тартқан. Содан жанжал шығып, екі жақ сөзге келіспей қалды. Оқиға орнына бір топ адам келіп, жасөспірімді ғана емес, оның әкесі мен ағасын соққыға жықты. Өкінішке қарай Шерзат Болат пышақ жарақатынан көз жұмды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.