KAZINFORM – 11 қазанда Қазақстанның 15 облысында тұман түсіп, жел күшейеді. Кей өңірлерде желдің екпіні секундына 22 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды Қазгидромет. Абай облысының солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Дереккөз: Inform

Пікірлер