Тоқаев ақпараттық шабуылдар мен интернет-алаяқтықтың өршуіне алаңдаушылық білдірді.

0 20

Президенттің айтуынша, цифрландыру бюрократияны азайтып, мемлекеттің азаматтармен байланысын жеңілдетсе де, алаяқтық пен жалған ақпарат тарату мәселелері күшейіп барады. Мұндай әрекеттер биліктің беделін түсіріп, қоғамда алауыздық тудырып, елдің тұрақтылығына қауіп төндіреді.

“Интернет-платформаларда арандатушылық ақпарат таратуға заңмен тосқауыл қою қажет. Дегенмен, бұл шаралар цифрландыру процесіне кедергі болмауы тиіс. Жыл сайын 20 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркеледі, олардың 80%-ы ашылмай қалады. Азаматтардың деректерін қорғау Үкіметтің басты міндеті болуы керек,” – деді Тоқаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.