Қазақстанда 14–17 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы қосымша вакцинация басталады

0 15

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері 14–17 жас аралығындағы қыздарды адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы қосымша вакцинациялау туралы қаулыға қол қойды.

Екпе ерікті түрде жүргізіледі және ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімімен салынады.

💉 Қандай вакцина қолданылады?
Қыздарға 4 валентті «Гардасил» вакцинасы егіледі. Ол АПВ-ның 6, 11, 16 және 18 типтерінен қорғайды.

📌 Вакцина 3 кезеңмен салынады:
• 1-доза — кез келген күні
• 2-доза — 2 айдан кейін
• 3-доза — 6 айдан кейін

Екпе мектептердің медициналық кабинеттерінде және емханаларда жүргізіледі.

Дәрігерлердің айтуынша, вакцинадан кейін көбіне жеңіл реакциялар ғана болуы мүмкін:
— дене қызуы
— әлсіздік
— екпе орнындағы ауырсыну немесе қызару

Мамандардың мәліметінше, бұл белгілер әдетте 3 күн ішінде өздігінен жоғалады.

📊 Қазірдің өзінде Қазақстанда 11–13 жастағы 398 мыңнан астам қыз АПВ-ға қарсы екпе алған. Ресми дерек бойынша, ауыр жағымсыз реакциялар тіркелмеген.

Қаулы 14 мамырдан бастап күшіне енді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.